f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2022 жылы 7 сәуірде Хитит университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, доцент, доктор Эмре Чытак «Онлайн радикалдану және терроризм» атты семинар өткізді.

2022 жылы 7 сәуірде Хитит университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, доцент, доктор Эмре Чытак «Онлайн радикалдану және терроризм» атты семинар өткізді.

7 April 2022

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Хитит университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің оқытушысы, доцент, доктор Эмре Чытак бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық технологиялардың дамуымен бірге пайда болған онлайн радикализм, террор және терроризм ұғымдары туралы ақпарат берді.

Кибертерроризмнің киберқауіпсіздіктің жетіспейтін аспектісі екеніне баса назар аударған доцент, доктор Эмре Чытак 11 Қыркүйек оқиғасынан кейін қайта талқылана бастаған кейбір ұғымдарға тоқталды. Түркияда экстремизм мен радикалдану ұғымдарының жалпы бірдей мағынада қолданылатынын айтқан доцент, доктор Эмре Чытак бұл ұғымдар арасында айырмашылықтар бар екенін тілге тиек етті. Радикалданудан басталған үдеріс жалғаса берсе, экстремизмнің басталуы мүмкін екенін атап өтті.

Семинардың жалғасында доцент, доктор Эмре Чытак онлайн радикалдану тұжырымдамасын сараптай келе, қазіргі радикалдану үрдісінде онлайн орталардың рөлі маңызды екенін айтты. Радикалдану, ең алдымен, идеологиядан гөрі топтық динамика маңыздырақ болатын әлеуметтену үдерісі ретінде пайда болады. Терроризмнің стратегия екеніне тоқталған доцент, доктор Эмре Чытак терроризм мен радикалдану арасындағы байланысқа және террористік ұйымдардың интернет ұсынатын мүмкіндіктерден қалай пайда көретініне де тоқталды. Доцент, доктор Эмре Чытак желідегі радикалдану үдерісін дәстүрлі интернет ортасы және әлеуметтік медиа арқылы екі санатқа бөлуге болатынын айтып, террористік ұйымдардың онлайн орталардағы әрекеттеріне мысалдар келтірді.

Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026