f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні» атты панель қазақстандық БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні» атты панель қазақстандық БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

15 July 2022

Панельдің кіріспе сөзінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлур, 2016 жылы 15 шілдеде Түркия Республикасындағы түрік қарулы күштері құрамында жасырын құрылған террор ұйымының төңкеріс әрекетінің алты жылдығына орай Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған панельге қатысқан қонақтарға алғысын білдірді. Түркияның 1950 жылдан 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін түрлі демократияға қарсы төңкеріс әрекетіне ұшырағанына тоқталған доктор Суат Бейлур, демократия мен ұлттық бірлікке қарсы 15 шілде сатқындық әрекетінің нәтижесі жағынан бұрынғылардан мүлде парықты болғанын атап өтті. ФЕТО террор ұйымы ұйымдастырған аталмыш әрекеттің Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның салиқалы ұстанымы мен халықты төңкеріске қарсы ынтымақ-бірлікке шақыруының арқасында сәтсіздікке ұшырағанын жеткізген доктор Суат Бейлур осы жағынан 15 шілдеде халық пен қауіпсіздік күштері бірігіп ерліктің дастанын жазғанын тілге тиек етті.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы 15 шілде күнгі оқиғада 251 адамның шейіт болғанын, 2700-ден астам адамның жараланғанын және бірқатар мемлекеттік нысанның бүлінгенін атап өтті. Түрік армиясы мен түрлі мемлекеттік мекемелер ішінде жасырын құрылған ФЕТО террор ұйымының аталмыш сатқындық әрекетіне қарсы түрік халқының ерлікпен көшеге шығып, демократияны қорғағанын білдірді. 15 шілдедегі төңкеріс әрекетінен кейін Түркияға алғашқы сапар Қазақстан тарапынан болғанын атап өткен Али Рыза Акынжы Қазақстандағы қаңтар оқиғасында Түркияның әрқашан қазақ мемлекетінің жанында болып, бауырластық танытқанын айтты. Сөзінің соңында екі елдің лаңкестікпен күресте терроризмнің қайнар көздерін зерттеп, қажетті шараларды дер кезінде қабылдауының маңыздылығына тоқталған Али Рыза Акынжы БАҚ өкілдерінің сауалдарына да жауап берді.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026